Басқа жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА КӨЛІК САУДАСЫ: НАРЫҚ ЖЫЛ БАСЫНДАҒЫ ӨСІМДІ САҚТАП ТҰР

- Ақпандағы топ-5: Hyundai, Kia, Chevrolet, Chery, Jetour
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) дерегінше 2026 жылғы ақпанда Қазақстан аумағындағы ресми дилерлер 13 399 жаңа жеңіл және коммерциялық автомобиль сатты, бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 16,1% төмен көрсеткіш. Екі ай қорытындысы бойынша 27 643 автомобиль өткен, бұл былтырғы ұқсас кезеңге қарағанда 1,5% көп.
Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Ақпанда сауда көлемі кемігенмен, алғашқы екі айдың қорытындысы бойынша елдегі жаңа автокөліктер нарығы оң динамиканы сақтап тұр. Қыстың соңғы айында ең танымал модельдер тізіміне енген барлық көлік Қазақстанда жасалған. Бұл тұрғындардың отандық автоөнеркәсіп өніміне сенімі жоғары екенін растайды».
Ақпанда көптеп өткен 10 бренд арасында Hyundai (2 768 бірл.; былтырғы ақпанмен салыстырғанда -31,2%) жеңімпаз атанды. Kia әлі де екінші орында (2 402 бірл.; +33,1%). 1 975 моделі иесін тапқан Chevrolet үшінші қатарға тұрақтады (-5%). Одан кейін Chery (1 043 бірл.; +0,4%), Jetour (808 бірл.; -30,3%), Changan (748 бірл.; +34,8%), Haval (535 бірл.; -25,1%), Geely (403 бірл.; -46,8%), Jac (357 бірл.; -53%) және Toyota (288 бірл.; -58,3%) тұр.
Алғашқы ондыққа кірмеген брендтердің ішінде BYD кәдімгідей жақсы нәтижеге қол жеткізді: ақпанда дилерлер 268 гибрид пен электромобильдің кілтін тапсырған, бұл бір жыл бұрынғыдан 793,3% көп. Нарыққа жаңа шыққан Geely Galaxy-ді деп атап өткен жөн, алдыңғы айда «жаңа энергиямен» жүретіндерін қосқанда, 125 автомобиль сатылды.
Ақпанда саудасы қызған модельдер қатарында Chevrolet Cobalt көш бастады (1 761 бірл.). Екінші жүлде Hyundai Tucson-ға бұйырса (1 744 бірл.), үшінші сатыға Kia Sportage (1 278 бірл.) орналасты. Сонымен қатар тізімге Changan CS55 Plus (513 бірл.), Kia Soluto (382 бірл.), Kia Sorento (352 бірл.), Chery Tiggo 2 (325 бірл.), Chery Tiggo 7 (313 бірл.), Jetour X70 Plus (310 бірл.) және Hyundai Mufasa (254 бірл.) енді. Үздік ондықтағы модельдердің бәрі Қазақстанда жасалған.
Екі айдағы нәтижеге сәйкес Hyundai (5 466 бірл.; -24,3%) көш басында. Оның ізін ала саудасы екі есе артқан Kia (5 176 бірл; +85,9%) келеді. Kia сатылымын екі есеге жуық арттырып, Hyundai-ды қуып жетуге жақындады. Үштікті Chevrolet (4 487 бірл.; +37,2%) түйіндеді. Одан бөлек тізімде Chery – 2 050 бірл. (+17,3%), Changan – 1 465 бірл. (+58%), Jetour – 1 408 бірл. (-19,1%), Haval – 1 081 бірл. (-16,5%), Jac – 1 040 бірл. (-22,9%), Geely – 753 бірл. (-46,9%) және Toyota – 685 бірл. (-46,4%) бар.
ТОП-20: 2026 ЖЫЛҒЫ АҚПАНДАҒЫ ЖАҢА ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ
|
|
АҚПАН |
ҚАҢТАР-АҚПАН |
||||
|
2025 |
2026 |
% |
2025 |
2026 |
% |
|
|
Hyundai |
4 025 |
2 768 |
-31,2% |
7 223 |
5 466 |
-24,3% |
|
Kia |
1 805 |
2 402 |
33,1% |
2 785 |
5 176 |
85,9% |
|
Chevrolet |
2 080 |
1 975 |
-5,0% |
3 271 |
4 487 |
37,2% |
|
Chery |
1 039 |
1 043 |
0,4% |
1 748 |
2 050 |
17,3% |
|
Jetour |
1 160 |
808 |
-30,3% |
1 741 |
1 408 |
-19,1% |
|
Changan |
555 |
748 |
34,8% |
927 |
1 465 |
58,0% |
|
Haval |
714 |
535 |
-25,1% |
1 294 |
1 081 |
-16,5% |
|
Geely |
757 |
403 |
-46,8% |
1 417 |
753 |
-46,9% |
|
Jac |
760 |
357 |
-53,0% |
1 349 |
1 040 |
-22,9% |
|
Toyota |
690 |
288 |
-58,3% |
1 292 |
685 |
-47,0% |
|
BYD |
30 |
268 |
793,3% |
46 |
428 |
830,4% |
|
Lada |
250 |
253 |
1,2% |
454 |
437 |
-3,7% |
|
GAZ |
289 |
177 |
-38,8% |
539 |
347 |
-35,6% |
|
Geely Galaxy |
|
125 |
NEW |
|
246 |
NEW |
|
Tank |
194 |
124 |
-36,1% |
312 |
231 |
-26,0% |
|
Omoda |
60 |
92 |
53,3% |
113 |
124 |
9,7% |
|
Yutong |
128 |
90 |
-29,7% |
172 |
250 |
45,3% |
|
Kamaz |
105 |
76 |
-27,6% |
138 |
124 |
-10,1% |
|
Skoda |
196 |
72 |
-63,3% |
262 |
130 |
-50,4% |
|
Jac Trucks |
67 |
71 |
6,0% |
110 |
217 |
97,3% |
|
Басқалар |
1 058 |
724 |
-31,6% |
2 035 |
1 498 |
-26,4% |
|
Жалпы нәтиже |
15 962 |
13 399 |
-16,1% |
27 228 |
27 643 |
1,5% |