Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 503 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Басқа жаңалықтар

21 сәуір
ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: БІРІНШІ ТОҚСАН ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ӨСІМ 36,8%

26 мамыр
ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: ТӨРТ АЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ӨСІМ 35,1% ҚҰРАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА СӘУІР АЙЫНДА ЖАҢА АВТОКӨЛІКТЕРДІҢ САТЫЛЫМЫ 8,4%-ҒА ӨСТІ

20 мамыр

2026 жылғы сәуір айының қорытындысы бойынша Қазақстанда коммерциялық техниканы қоса алғанда 20 857 жаңа автокөлік сатылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,4%-ға көп. Сонымен қатар, алғашқы төрт айдың қорытындысы бойынша нарық өткен жылдың деңгейінде қалып отыр: 65 610 бірлік, ал 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында 66 101 автокөлік сатылған болатын (-0,7%).

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» сарапшыларының мәліметінше, 2026 жылғы сәуір айы жыл басынан бергі ең белсенді айлардың бірі болды. Өсімге негізінен Қазақстанда өндірілетін модельдер мен жаңа брендтердің нарықтағы үлесінің кеңеюі ықпал етті.

«Нарықтағы бәсекелестік күшейіп келеді, ресми дилерлер модельдік қатарларын белсенді түрде жаңартып жатыр, ал орташа чек біртіндеп төмендеуде. Сонымен қатар, біз жаңа брендтер мен технологияларға деген сатып алушылар қызығушылығының жоғары екенін байқап отырмыз. Әсіресе, қазақстандық өндірістегі автокөліктердің және баламалы қуат қондырғылары бар модельдердің үлесі айтарлықтай өсуде», - деп атап өтті ҚАО президенті Анар МАҚАШЕВА.

Сәуір айының көшбасшысы Chevrolet бренді болды - 5 501 автокөлік сатылып, өткен жылмен салыстырғанда 101,9%-ға өсті. Екінші орында Hyundai - 2 656 бірлік (-39,3%), ал үздік үштікті Kia – 1 912 автокөлік (-13,4%) қорытындылады. Нарық драйверлерінің бірі Changan саналады. Сәуірде бренд бірден 1 882 автомобилін өткізіп, саудасын 172,4% көтерді. Әрі қарай тізімге Haval (1 379 бірл.; +31,7%), Chery (1 326 бірл.; -7,5%), Jetour (1 108 бірл.; -19%), Toyota (830 бірл.; +11,6%), Geely (548 бірл.; -47,9%) және Geely Galaxy (424 бірл.) енді.

Ең қарқынды өсіп келе жатқан брендтердің қатарында BYD (421 бірл.; +209,6%) және мен MG (130 бірл.; +282,4%). Сондай-ақ Қазақстан нарығына жақында ғана шыққан Geely Galaxy және Li Auto брендтері де қарқынды даму үстінде.

Сәуір қорытындысына сәйкес ең танымал 10 модель тізімінде өзгеріс бар: Chevrolet Cobalt (5 319 бірл.) бірінші, Hyundai Tucson екінші орында (853 бірл.), Hyundai Mufasa кроссовері (794 бірл.) үшінші орынға көтерілді. Төртінші орынды Kia Sportage (726 бірл.) алса, бесінші сатыға Changan CS35 Max (712 бірл.) тұрақтады. Одан кейін мына модельдер тұр: Changan CS55 Plus (688 бірл.), Haval Jolion (572 бірл.), Haval M6 (506 бірл.), Toyota Camry (429 бірл.) және Chery Tiggo 2 Pro (428 бірл.).

2026 жылғы төрт ай қорытындысы бойынша 12 130 автомобилі өткен Chevrolet (+38,9%) бірінші орыннан көрінді. Екінші орынға  Hyundai (11 314 бірл.; -29,5%) шықты, үшінші орынға Kia (9 405 бірл.; +32,2%) жайғасты. Сонымен қатар тізімде мына модельдер бар: Changan – 5 113 бірл. (+120,3%), Chery – 4 646 бірл. (+2,5%), Haval – 3 687 бірл. (+1,7%), Jetour – 3 366 бірл. (-24,7%), Toyota – 2 096 бірл. (-27,7%), JAC – 1 887 бірл. (-38,8%) және Geely – 1 729 бірл. (-50,4%).

ТОП-20: 2026 ЖЫЛҒЫ СӘУІРДЕГІ ЖАҢА ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОКӨЛІКТЕР САУДАСЫ 

 

СӘУІР

ҚАҢТАР - СӘУІР

2025

2026

%

2025

2026

%

Chevrolet

2 725 

5 501 

101,9%

 8 734  

 12 130  

38,9%

Hyundai

4 379 

2 656 

-39,3%

 16 051  

 11 314  

-29,5%

Kia

2 207 

1 912 

-13,4%

 7 112  

 9 405  

32,2%

Changan

691 

1 882 

172,4%

 2 321  

 5 113  

120,3%

Haval

1 047 

1 379 

31,7%

 3 627  

 3 687  

1,7%

Chery

1 434 

1 326 

-7,5%

 4 532  

 4 646  

2,5%

Jetour

1 368 

1 108 

-19,0%

 4 471  

 3 366  

-24,7%

Toyota

744 

830 

11,6%

 2 898  

 2 096  

-27,7%

Geely

1 051 

548 

-47,9%

 3 489  

 1 729  

-50,4%

Geely Galaxy

 

424 

0,0%

 

 1 020  

0,0%

BYD

 136  

 421  

209,6%

 222  

 1 181  

432,0%

JAC

 661  

 396  

-40,1%

 3 081  

 1 887  

-38,8%

GAZ

 351  

 277  

-21,1%

 1 267  

 840  

-33,7%

Lada

 204  

 237  

16,2%

 898  

 843  

-6,1%

Tank

 192  

 235  

22,4%

 682  

 612  

-10,3%

Yutong

 69  

 179  

159,4%

 298  

 606  

103,4%

Li Auto

 

 134  

0,0%

 

 384  

0,0%

MG

 34  

 130  

282,4%

 153  

 299  

95,4%

Lexus

 207  

 115  

-44,4%

 728  

 359  

-50,7%

Jaecoo

 63  

 114  

81,0%

 205  

 157  

-23,4%

Басқалар

1 684 

1 053 

-37,5%

5 332 

3 936 

-26,2%

Жалпы нәтиже

19 247 

20 857 

8,4%

 66 101  

 65 610  

-0,7%

 

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 503 кеңсе

2026 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.
Youtube