Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 503 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Басқа жаңалықтар

20 мамыр
ҚАЗАҚСТАНДА СӘУІР АЙЫНДА ЖАҢА АВТОКӨЛІКТЕРДІҢ САТЫЛЫМЫ 8,4%-ҒА ӨСТІ

28 мамыр
ҚАЗАҚСТАНДА ЭЛЕКТРОКӨЛІКТЕР МЕН ГИБРИДТЕР НАРЫҒЫ ӨСУІН ЖАЛҒАСТЫРЫП ЖАТЫР

ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: ТӨРТ АЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ӨСІМ 35,1% ҚҰРАДЫ

26 мамыр

ҚР Ұлттық статистика бюросының дерегінше 2026 жылғы қаңтар мен сәуір аралығында Қазақстанда  63 403 бірлік техника, соның ішінде жеңіл және жүк автомобильдері, автобустар, арнайы техника, тіркеме және жартылай тіркемелер жасалды. Бұл былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 35,1% жоғары көрсеткіш.

2026 жылғы сәуірде Қазақстандағы кәсіпорындар 18 144 бірлік техника шығарды, бұл бір жыл бұрынғыдан – 31%, биылғы наурыздың көрсеткішінен 3,9% көп.

«Бәсекелестік күшейіп, нарық конъюнктурасы өзгергеніне қарамастан, қазақстандық автоөнеркәсіп жоғары өсім қарқынын сақтап отыр. Жалпы өндірісте жаңа кәсіпорындардың үлесі артып келеді, ал сала локализацияның ауқымын кеңейтуді, жаңа модельдер жасап, өндіріс күшін ұлғайтуды жалғастырып жатыр. Қазір автомобильжасау елдегі жалпы машинажасау саласының 42%-ын құрайды», – деді ҚАО президенті Анар МАҚАШЕВА.

2026 жылғы қаңтар-сәуір қорытындысы бойынша автомобиль, тіркеме және жартылай тіркеме өндірісі ақшалай айтқанда, 764,3 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғы нәтижеден 19,6% артық. Қазақстанда машинажасау құрылымындағы автомобильжасаудың үлесі 42,1%-ды құрады, бір жыл бұрын 40,2% болған.

2026 жылғы төрт ай қорытындысы бойынша Қазақстандағы кәсіпорындар 59 057 жеңіл автомобиль (+36,8%),   1 967 бірлік жүк техникасын (+9,3%), 986 бірлік автобус (+34,3%), 177 бірлік арнайы және мамандандырылған техника (-12,4%) шығарды. Тіркеме және жартылай тіркеме өндірісі 1 216 бірлікке дейін өсті (+17,1%).

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) дерегінше 2026 жылғы қаңтар мен сәуір аралығында Қостанайдағы Allur («СарыарқаАвтоПром») зауыты 23 161 автомобиль құрастырды (-12,7%). Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (AMMKZ) 17 710 бірлік техника өндірді.  Hyundai Trans Kazakhstan 13 373 автомобиль жасады (-28,4%). Қостанайдағы жаңа Kia Qazaqstan зауыты өндіріс көлемін арттыруын жалғастырып келеді. Қаңтар-сәуір қорытындысы бойынша кәсіпорын 6 575 автомобиль шығарған.

Коммерциялық техника өндірушілер арасында QazTehna (Саран, Қарағанды облысы) едәуір өсім көрсетті, төрт айда 1 025 бірлік техника өндірген (+115,3%). СемАЗ (Семей) 889 жүк көлігін шығарды (-16,8%), Hyundai Trans Almaty 322 бірлік коммерциялық техника (+123,6%), КАМАЗ - Инжиниринг (Көкшетау) 214 бірлік техника құрастырды (-41%). Daewoo Bus Kazakhstan (Семей) 176 автобус жасады (+319%). Оралдағы «Уральскагрореммаш» 86 бірлік арнайы техника өндірді. Orbis Machinery өндіріс алаңы 46 бірлік техника шығарды. Басқа өндірушілердің үлесі – 1 176 бірлік техника.

2026 жылғы қаңтар-сәуір қорытындысы бойынша Қазақстанда аса танымал болған 10 модель: Chevrolet Cobalt (7 755 бірл.), Hyundai Tucson (4 610 бірл.), Kia Sportage (2 246 бірл.), Hyundai Mufasa (1 746 бірл.), Changan CS55 Plus (1 617 бірл.), Haval M6 (1 564 бірл.), Hyundai Santa Fe (1 431 бірл.), Changan CS35 Max (1 344 бірл.), Haval Jolion (1 290 бірл.) және Hyundai Elantra (1 282 бірл.).

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 503 кеңсе

2026 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.
Youtube