Басқа жаңалықтар
2026 ЖЫЛДЫҢ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІМЕН ЖҮРЕТІН АВТОКӨЛІКТЕР НАРЫҒЫ

● Қазақстанда NEV сегментіндегі автокөліктер саудасы алты айда 3.5 есе өсті
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) дерегінше 2026 жылғы қаңтар-маусым аралығында ресми дилерлер NEV (New Energy Vehicles) сегментті 3 657 жеңіл автокөлік сатты, бұл былтырғы ұқсас кезеңдегіден (998 бірл.) 266% көп.
Алты айда дилерлер 2 640 қосылатын гибрид (PHEV) пен жүріс қоры ұлғайған (EREV) автокөлік өткізген, ал толығымен электрлі көліктердің (BEV) саудасы 1 017 бірлікті құрады.
Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Қазір жаңа энергия көздеріне негізделген автокөліктер қол жетпейтін өнім болудан қалып, Қазақстан автонарығындағы ең жылдам дамып жатқан сегменттердің бірі болып келеді. Қосылатын гибридтер мен жүріс қоры ұлғайған автокөліктерге сатып алушылар қызығады. Мұндай модельдер жүріс қорын шектемей, электр тартымның артықшылықтарын алуға мүмкіндік береді, бұл Қазақстан үшін өте өзекті».
BYD – алғашқы жартыжылдық қорытындысы бойынша NEV нарығының көшбасшысы. Дилерлер брендтің 2 042 автокөлігін сатқан, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңдегі нәтижеден 241% жоғары. Екінші орынды 689 автокөлік нәтижесімен Geely алды. Үшінші орынға Li (жүріс қоры ұлғайған 588 кроссовер) орналасты. Үздік бестікке тағы Zeekr (150 бірл.) мен ROX (95 бірл.) енді.
Сұраныс жоғары модельдер қатарында гибрид BYD Song Plus DM-i (737 бірл.), Geely Galaxy EX5 EM-i (655 бірл.), BYD Chazor (510 бірл.), электрлі BYD Song Plus (357 бірл.), Li L6 (340 бірл.), BYD Yuan Up (333 бірл.), Li L7 (176 бірл.), BYD Sealion 7 (102 бірл.), ROX 01 (95 бірл.) және Zeekr 7X (74 бірл.) бар.
Толығымен электрлі автокөлік саудасы тұрақты өсіп жатқанын айта кеткен жөн. Қаңтар-маусымда дилерлер 1 017 электрокөлік өткізген, бұл былтырғы ұқсас кезеңдегі көрсеткіштен екі есе артық. Бұл ретте қосылатын гибридтер мен жүріс қоры ұлғайған автокөліктер сегменті бірден 431% өсіп, сатып алушылардың анағұрлым әмбебап технологияларды таңдай бастағанын растады.
Классикалық гибрид күштік құрылымға ие (HEV) автокөліктер арасында Toyota үздік атанды – алты айда дилерлер 765 автокөлік өткізген. Одан кейін Lexus (50 бірл.) пен Porsche (10 бірл.) тұр.
NEV (New Energy Vehicles) – дәстүрлі бензин немесе дизель орнына балама энергия көздерін пайдаланатын автокөліктер. Оларға электрокөліктер, қосылатын гибридтер, батареяны қуаттайтын генератор ретінде ғана жұмыс істейтін іштен жанатын қозғалтқышы бар жүріс қоры ұлғайған электрокөліктер жатады.