Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 503 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Басқа жаңалықтар

28 шілде
2026 ЖЫЛДЫҢ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІМЕН ЖҮРЕТІН АВТОКӨЛІКТЕР НАРЫҒЫ

26 тамыз
ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: 2026 ЖЫЛҒЫ ЖЕТІ АЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

ШІЛДЕДЕ ЖАҢА АВТОКӨЛІК САУДАСЫ 5,9% ӨСТІ

17 тамыз

● Шілдедегі топ-5: Hyundai, Chevrolet, Kia, Changan және Chery

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) дерегінше 2026 жылғы шілдеде ресми дилерлер 21 371 бірл. жеңіл және коммерциялық автокөлік сатқан, бұл былтырғы шілдедегі нәтижеден (20 179 бірл.) 5,9% көп. Қаңтар-шілде қорытындысы бойынша 127 260 бірл. жаңа автокөлік өтіп, 2025 жылғы ұқсас кезеңдегіден 1,7%-ға (125 132 бірл.) асты.

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Қазақстанның автокөлік нарығы жаңа автокөліктер саудасының жоғары деңгейін сақтап тұр. Қазір әсіресе бәсекелестік орта қаншалықты тез өсіп жатқаны байқалады: елде жасалатын модельдер орнын нығайтып, таңдау мүмкіндігі артып келеді, ал сатып алушылар автокөліктің құнын ғана емес, технологияларды, алу шарттары мен сатып алған соң қызмет көрсету сапасын да мұқият бағалайды».

2026 жылғы шілдеде Hyundai дилерлері 3 712 автокөлік сатып, былтырғы шілдедегі нәтижесін қайталады (+0,4%). Екінші орынға 2 855 автокөлік нәтижесімен Chevrolet жайғасты (-29,5%). Үшінші қатарда Kia тұр, оның саудасы 14,8% өсіп, 2 492 автокөлікке жеткен. Changan-ның көрсеткіші Kia-ға жақын – 2 456 автокөлік. Бренд саудасы былтырғы шілдемен салыстырғанда бірден 171,7% өскен. Алғашқы бестікті Chery түйіндеді, марка 1 543 автокөлік сатып, былтырғыдан 35,6% жоғары нәтиже көрсетті. Сонымен қатар алғашқы ондыққа Jetour (1 129 бірл.; -14,5%), Toyota (1 019 бірл.; +8,1%), JAC (994 бірл.; -10,5%), Geely (868 бірл.; +73,3%) және Haval (864 бірл.; -16,6%) кірді.

Модельдер арасында шілдеде Chevrolet Cobalt көш басына шықты – 2 682 автокөлік. Екінші орынды Hyundai Tucson (1 851 бірл.) алды, 1 070 автокөлік сатылған Changan CS35 MAX алғаш рет ең көп өткен үш модель қатарына енді. Бұдан бөлек, айдың жаңалығы Kia Cerato-ның ең танымал автокөліктер арасына қосылуы болды. Шілдеде дилерлер 1 031 автокөлік сатты, бұл модельдің бірден төртінші орынға көтерілуіне мүмкіндік берді. Үздік бестікті Kia Sportage түйіндеді – 820 автокөлік.

Жеті ай қорытындысы бойынша 20 959 автокөлік нәтижесімен Hyundai бірінші орын алды (-24,7%). Chevrolet екінші – 20 441 автокөлік, бұл 2025 қаңтар-шілдемен салыстырғанда +17,8% жоғары көрсеткіш. Үшінші орында Kia – 14 824 автокөлік (+9,9%). Төртінші сатыға саудасын екі есе ұлғайтып, 11 927 автокөлікке дейін жеткізген Changan көтерілді (+101,8%). Көшбасшылар бестігін Chery түйіндеді – 9 686 автокөлік (+14,6%). Содан кейін тізімде Haval (7 590 бірл.; +11,2%), Jetour (6 903 бірл.; -19,4%), JAC (5 739 бірл.; -1,7%), Toyota (5 016 бірл.; -8,8%) және Geely (3 794 бірл.; -34,3%) тұр.

ТОП-20: 2026 ЖЫЛҒЫ ШІЛДЕДЕГІ ЖАҢА ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОКӨЛІКТЕР САУДАСЫ 

 

ШІЛДЕ

ҚАҢТАР-ШІЛДЕ

2025

2026

%

2025

2026

%

Hyundai

3 697

3 712

0,4%

27 845

20 959

-24,7%

Chevrolet

4 048

2 855

-29,5%

17 354

20 441

17,8%

Kia

2 170

2 492

14,8%

13 489

14 824

9,9%

Changan

904

2 456

171,7%

5 909

11 927

101,8%

Chery

1 138

1 543

35,6%

8 454

9 686

14,6%

Jetour

1 321

1 129

-14,5%

8 563

6 903

-19,4%

Toyota

943

1 019

8,1%

5 502

5 016

-8,8%

JAC

1 111

994

-10,5%

5 838

5 739

-1,7%

Geely

501

868

73,3%

5 772

3 794

-34,3%

Haval

1 036

864

-16,6%

6 828

7 590

11,2%

BYD

339

546

61,1%

937

2 588

176,2%

GAZ

220

315

43,2%

2 114

1 754

-17,0%

Geely Galaxy

 

308

0,0%

 

2 002

0,0%

Soueast

 

203

0,0%

 

670

0,0%

MG

60

178

196,7%

345

891

158,3%

Tank

226

166

-26,5%

1 353

1 084

-19,9%

GAC

82

155

89,0%

351

424

20,8%

JAC Trucks

117

143

22,2%

553

866

56,6%

Li Auto

 

141

0,0%

 

729

0,0%

Kamaz

94

111

18,1%

717

535

-25,4%

Басқалар

2 172

1 173

-46,0%

13 208

8 838

-33,1%

Жалпы нәтиже

20 179

21 371

5,9%

125 132

127 260

1,7%

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 503 кеңсе

2026 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.
Youtube