Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 503 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Басқа жаңалықтар

07 қазан
ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: ТОҒЫЗ АЙДА ӨНДІРІС КӨЛЕМІ 34,2% ӨСТІ

ҚЫРКҮЙЕКТЕ ЖАҢА АВТОКӨЛІКТЕР САУДАСЫ 5,2% ӨСТІ

21 қазан

● Қыркүйектегі топ-5: Chevrolet, Hyundai, Kia, Changan және Chery

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) дерегінше 2026 жылғы қыркүйекте ресми дилерлер 19 309 жаңа жеңіл және коммерциялық автокөлік сатты, бұл былтырғы қыркүйектегіден (18 353 бірл.)  5,2% көп. Тамызбен салыстырғанда сауда 1,1% өсті. Қаңтар–қыркүйек қорытындысы бойынша 165 678 жаңа автокөлік сатылды. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (161 449 бірлік) 2,6% көп.

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Қазір Қазақстандағы автосалондарда жаңа автокөлікті қолжетімдірек ететін қаржы құралдары мен клиенттерді қолдау бағдарламаларының кең спектрі бар. Стандарт автонесиеден бөлек, сатып алушылар өндірушілер мен дилерлердің арнайы ұсыныстарын, сонымен қатар trade-in бағдарламасын пайдалана алады. Мұндай құралдар сұранысты сақтап, ел автопаркінің жаңаруына ықпал етеді».

2026 жылғы қыркүйекте 3 067 автокөлік нәтижесімен бірінші орынды Chevrolet алды (+4,2%). Екінші қатарда 2 932 автокөлігі өткен Hyundai тұр (-29,5%). Үшінші сатыға Kia жайғасты – 2 584 автокөлік (+29,1%). Төртінші орындағы Changan-ның саудасы 127,1% артып, 1 501 автокөлікке жетті. Бестікті 1 179 автокөлікпен Chery түйіндеді (+28,3%). Сонымен қатар тізімде Haval (1 171 бірл.; +88,9%), Toyota (1 150 бірл.; +0,4%), Jetour (900 бірл.; -1,3%), Geely (636 бірл.; -26,4%) және BYD (560 бірл.; +32,4%) бар.

Модельдер арасында қыркүйектегі көшбасшы – 2 906 автокөлігі өткен Chevrolet Cobalt. Екінші сатыға Kia Sportage (1 187 бірл.) көтерілді, үшінші орынды Hyundai Tucson (985 бірл.) алды. Төртінші орынды Hyundai Mufasa (899 бірл.) алса, алғашқы бестікті Kia Soluto (577 бірл.) түйіндеді. Ондыққа тағы Toyota Camry (532 бірл.), Hyundai Elantra (508 бірл.), Haval Jolion (479 бірл.), Changan CS35 MAX (458 бірл.) және Changan CS75 Plus (429 бірл.) енді.

Тоғыз ай қорытындысы бойынша бірінші орында 27 495 автокөлігі сатылған Hyundai (-22,7%) тұр. Екіншісі – 26 272 автокөлігі өткен Chevrolet (+14,7%). Үшінші орынды Kia алды – 18 964 автокөлік (+7,8%). Төртінші орында Changan – 15 645 автокөлік (+104,2%). Үздік бестікті 11 994 автокөлікпен Chery түйіндеді (+17,4%). Одан кейін Haval (9 656 бірл.; +16,3%), Jetour (8 668 бірл.; -16,7%), Toyota (7 287 бірл.; -5,2%), JAC (6 771 бірл.; -8,3%) және Geely (5 245 бірл.; -30,4%) тұр. 

ТОП-20: 2026 ЖЫЛҒЫ ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ ЖАҢА ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОКӨЛІКТЕР САУДАСЫ

 

ҚЫРКҮЙЕК

ҚАҢТАР-ҚЫРКҮЙЕК

2025

2026

%

2025

2026

%

Chevrolet

2 942

3 067

4,2%

22 907

26 272

14,7%

Hyundai

4 161

2 932

-29,5%

35 562

27 495

-22,7%

Kia

2 001

2 584

29,1%

17 590

18 964

7,8%

Changan

661

1 501

127,1%

7 661

15 645

104,2%

Chery

919

1 179

28,3%

10 213

11 994

17,4%

Haval

620

1 171

88,9%

8 303

9 656

16,3%

Toyota

1 145

1 150

0,4%

7 685

7 287

-5,2%

Jetour

912

900

-1,3%

10 403

8 668

-16,7%

Geely

864

636

-26,4%

7 536

5 245

-30,4%

BYD

423

560

32,4%

1 798

3 768

109,6%

JAC

729

445

-39,0%

7 382

6 771

-8,3%

Geely Galaxy

 

433

NEW

 

2 762

NEW

GAZ

310

340

9,7%

2 648

2 429

-8,3%

Lexus

290

249

-14,1%

2 082

1 025

-50,8%

MG

50

243

386,0%

456

1 276

179,8%

Tank

138

185

34,1%

1 651

1 413

-14,4%

Li

3

180

NEW

3

1 068

NEW

Soueast

 

174

NEW

 

1 119

NEW

Omoda

58

141

143,1%

1 162

686

-41,0%

GAC

100

117

17,0%

526

637

21,1%

Басқалар

2 027

1 122

-44,6%

15 881

11 498

-27,6%

Жалпы нәтиже

18 353

19 309

5,2%

161 449

165 678

2,6%

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 503 кеңсе

2026 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.
Youtube