Другие новости
ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: 2024 ЖЫЛҒЫ ТОҒЫЗ АЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
ҚР Ұлттық статистика бюросы берген мәлімет бойынша күздің алғашқы айында Қазақстанда жалпы құны 145,4 млрд теңге құрайтын 11 280 бірл. техника шықты. Өндіріс көлемі былтырғы қыркүйекпен салыстырғанда 8,6% азайған. Жалпы тоғыз айда елдегі зауыттар 92 243 бірл. техника, оның ішінде 82 877 жеңіл автомобиль (-16,7%), 5 896 бірл. жүк көлігі (-15,2%), 1 838 автобус (-7,5%) құрастырды. Сонымен қатар бағасы 1,2 трлн теңгеге тең болатын 1246 бірл. тіркеме және жартылай тіркеме, 386 бірл. басқа арнайы техника жасалған. |
Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Өндіріс көлемінің азаюы – логистика, көрші елдерден жабдық, шикізат және керек-жарақ жеткізумен байланысты уақытша мәселелердің көрінісі. Дегенмен, автоөнеркәсіптің даму қарқыны бәсеңдеген жоқ, қазірдің өзінде өндірушілер майда торапты әдіспен көлік құрастыруға қатысты технологиялық операцияларды зерделеп жатыр. Жаңа модельдердің бәрі нарыққа бірден жоғары шекте кіреді. 5000-ға жуық жұмыс орнын ашу міндеті де бар. Кәсіпорындарда кадр даярлайтын плацдармдар құрылды». |
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәлімет бойынша биыл тоғыз айда Қостанайда (Allur) 55 122 бірл. техника (-16,2%) жасалды. Алматыда (Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) 29 583 жеңіл және коммерциялық автомобиль конвейерге тұрды (-21,9%). Семейдегі зауыттар (СемАЗ, Daewoo Bus Kazakhstan) 3 933 бірл. коммерциялық техника жөнелтсе (+36,1%), Қарағанды облысындағы QazTehna 1008 бірл. техника (+1,5%) шығарды. Көкшетаудағы кәсіпорын (КАМАЗ-Инжиниринг) 812 бірл. коммерциялық техника (-13,7%) өндірді. Басқаларының нәтижесі – 1 755 бірл. (+9,3%).
2024 жылы қаңтар мен қыркүйек арасында аса танымал болған бес бренд тізіміне (экспортты қосқанда) Hyundai (29 120 бірл.), Chevrolet (19 502 бірл.), Kia (18 171 бірл.), Jac (9 353 бірл.) және Jetour (6 851 бірл.) енді. Ал отандық зауыттар ең көп өндірген модельдер қатарында Chevrolet Cobalt (16 545 бірл.), Hyundai Tucson (14 902 бірл.), Kia Sportage (6 993 бірл.), Hyundai Elantra (4 146 бірл.) және Kia Sorento-ның (3 467 бірл.) үлесі басым. |