Другие новости
Отандық автоөнеркәсіп қазақ тілінде «сөйлей» бастады
30 қазанда Алматыда «Астана Моторс» және motrex кәсіпорны бірлескен Kazakhstan Mobility Engineering зауыты ашылды. Бұл зауыт қазақ тілі интеграцияланған автомобильдерге арналған мультимедиялық жүйелерді шығаратын болады.
Мұндай жүйелердің бірінші партиясы Tucson, Elantra және Palisade модельдеріне орнату үшін Hyundai Trans Kazakhstan зауытына жеткізілді. Енді Қазақстанда шығарылатын Hyundai автомобильдері қазақ тіліндегі интерфейсті ұсына отырып, жергілікті пайдаланушылардың қажеттіліктеріне жақсырақ жауап бере алады.
Kazakhstan Мobility Engineering зауыты Алматы индустриялды аймағында «Астана Моторс» тарапынан құрылып жатқан автокомпоненттер технопаркінің маңызды бөлігіне айналды. Бұл жоба өндірісті локализациялауға және Қазақстандық автоөнеркәсіпті қолдауға бағытталған. Технопарктің құрамына пластикалық бөлшектер мен автомобиль орындықтарын шығаратын зауыттар енеді, олардың іске қосылуы 2024 жылдың желтоқсанына жоспарланған.
Ашылу салтанатына ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, Motrex компаниясының CEO Джун Сон Ким, «Астана Моторс» негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов және компанияның басқа да өкілдері қатысты. Қанат Шарлапаев автомобильдерге арналған мультимедиялық жүйелерге қазақ тілінің интеграциялануы зауыт үшін маңызды қадам екенін атап өтті.
Джунсон Ким жаңа зауыт жергілікті нарықты қолдап қана қоймай, Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы табысты ынтымақтастықтың үлгісі болатынын қосты.
2025 жылы Алматыда мультибрендті зауыт іске қосылады, ол Kazakhstan Mobility Engineering зауытында шығарылған қазақ интерфейсі бар мультимедиялық жүйелерді қолданады. Бұл жүйелер қазақстандық автожүргізушілерге өз ана тілінде технологияларды пайдалануға мүмкіндік беріп, автомобильдерді жергілікті нарық үшін одан сайын тартымды етеді.