Другие новости
Қазақстан машина жасаушыларының XII Форумы аясында автокөлік өнеркәсібінде кооперацияны дамыту жөнінде келісімдер жасалды

Қазақстан Республикасының машина жасаушыларының XII Форумы шеңберінде қазақстандық автоөндірушілер мен автокомпоненттер өндірушілері арасындағы ынтымақтастық туралы екі меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастық өндірістік кооперацияны тереңдетуге, локализацияны дамытуға және автокөлік өнеркәсібінде заманауи технологияларды енгізуге бағытталған.
Меморандумдарға «Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) ұйымдастырған «Автокөлік жасау және автокомпоненттер: локализациядан экспортқа дейін» тақырыбында панельдік сессиясының қорытындысы бойынша қол қойылды. ҚАО президенті Анар Макашева аталған сессияны аша отырып саланың тұрақты дамуы үшін негізгі шарттар ретінде автокластерлер жүйесі мен компоненттік базаны дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан автоөнеркәсібінің даму үрдістерін талқылауға мемлекеттік органдардың, автокөлік пен компоненттер өндірушілері, сондай-ақ халықаралық технологиялық және ғылыми-зерттеу компаниялары қатысты.
Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс вице-министрі өз сөзінде автокөлік саласы тұрақты өсім көрсетіп отырғанын атап өтті: 2018 жылы 31 мың көлік өндірілсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 145 мыңға жеткен. Алдағы уақытта бұл сан 160 мыңнан асып, өсе бермек. Оның айтуынша, саланың әрі қарай дамуы тереңдетілген локализацияны арттырумен және экспортқа шығумен тікелей байланысты.
Бірінші меморандум – «Almaty Autoparts Production» ЖШС мен «СемАЗ» ЖШС арасында жасалды. Тараптар қазақстандық өндірістегі автокөлік орындықтарын коммерциялық техника шығаратын зауытқа жеткізуге келісті. Бұл келісім компоненттерді локализациялау мен отандық қосалқы бөлшектер өндірісін дамыту үшін негіз болмақ.
Екінші меморандум – «Кайнар-АКБ» ЖШС мен «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС арасында жасалды. Келісімге сәйкес, Алматыдағы автокөлік зауытына қазақстандық аккумулятор батареяларын жеткізу көзделген. Отандық қуат көздеріне көшу өндірістік циклдің тәуелсіздігін нығайтып, маңызды компоненттер бойынша импортқа тәуелділікті азайтады.
Екі келісім де автоөнеркәсіптегі барлық тараптар үшін тиімді серіктестік алаңын ұсынған “Қазақстанның Автокөлік Одағының” (ҚАО) қолдауымен жүзеге асты.
ҚАО президентінің пікірінше, мұндай келісімдер – Қазақстан Республикасында толыққанды автокластерлер құруға бағытталған нақты қадам, онда отандық кәсіпорындар өндірістік тізбектерге тығыз интеграцияланып, ішкі нарықпен шектелмей, сыртқы нарықтарда да бәсекелесе алатын болады.
"Ағымдағы және халықаралық деңгейде бірлескен жобаларды ілгерілетіп, ұзақ мерзімді серіктестік қатынастарды орнатуда, “Қазақстанның Автокөлік Одағы” барлық нарық қатысушыларына белсенді қолдау көрсетуді жалғастыра береді", – деді Анар Макашева.
1-меморандум бойынша анықтамалық ақпарат:
«Кайнар-АКБ»ЖШС
Орталық Азиядағы ең ірі аккумулятор батареяларын өндіруші. Толық өндірістік циклге ие кәсіпорын жыл сайын 3 миллионнан астам аккумулятор шығарады – жеңіл және жүк көліктеріне, ауыл шаруашылығы техникасына, теміржол көлігіне және мұнай-газ саласының қажеттіліктеріне арналған.
Компания өнімдері KAINAR, BARS, NOMAD, ВОЖАК секілді танымал брендтермен ұсынылады және еуропалық, жапондық сапа стандарттарына сай келеді. Өнімнің 60%-дан астамы ТМД елдері мен жақын шетелдерге экспортталады.
KAINAR-АКБ халықаралық және қазақстандық салалық қауымдастықтардың мүшесі болып табылады. Компания сондай-ақ «Самұрық-Қазына» жеткізушілер пулына тіркелген.
Әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік – компанияның басым бағыттарының бірі. Зауыт ескі аккумуляторларды қайта өңдеумен айналысады, олардан қорғасын, пластик және электролитті бөліп алып, қайта пайдаланады.
Компания заманауи технологияларды белсенді түрде енгізіп, экспорт бағыттарын кеңейтуде және серіктестеріне өзара тиімді ынтымақтастық шарттарын ұсынады: сатушыларды оқыту, бағдарламалар, маркетингтік қолдау және кепілдік қызмет көрсету.
«Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС
Hyundai Trans Kazakhstan жеңіл автокөлік өндіру зауыты Алматы қаласының индустриялық аймағында орналасқан. Мекенжайы: Алматы қаласы, Алатау ауданы, Алғабас ықшам ауданы, 7-ші көше, жер учаскесі 138/5.
• Жобаның жалпы құны: 48,5 млрд теңгеден астам
• Жұмыс орындарының саны: 1300-ден астам адам
• Өндіріс қуаттылығы: жылына 50 мың бірлік
• Нарық: Қазақстан және ТМД елдері
Алматы қаласында Hyundai автокөліктерін өндіру зауытының ашылуы – әлемдегі ірі автоөндірушілердің бірі Hyundai Motor Company компаниясымен өндірістік кооперацияны кеңейтудің жарқын мысалы және Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың тереңдей түскенінің дәлелі.
Hyundai Trans Kazakhstan зауытының қазіргі модельдік желісі 8 Hyundai моделін қамтиды — Tucson, Mufasa, Sonata, Elantra, Santa Fe, Palisade, Staria және Custin. Соның ішінде жаңартылған Tucson, Mufasa, Custin модельдерінде, ал 2025 жылдан бастап Elantra үлгісінде мультимедиялық жүйе интерфейсі қазақ тілінде қолжетімді болады. 2024 жылы Genesis бизнес-класстағы көліктерін шығару желісі іске қосылды.
Hyundai Accent және Hyundai Tucson модельдерінің өндірісі дәнекерлеу және бояу әдісімен (ұсақ түйінді жинақтау – CKD) игерілді, ал 2025 жылдың екінші тоқсанында Hyundai Santa Fe үлгісінің CKD-өндірісі жолға қойылады. Hyundai Trans Kazakhstan зауыты дәнекерлеу, бояу, жинақтау, пластик бөлшектерін бояу және компоненттер қоймасын қамтиды.
2025 жылдың қаңтар мен ақпан айларында ұсақтүйінді жинақтау әдісі арқылы өндірістік қуаттылықты арттыру мақсатында дәнекерлеу, бояу және жинақтау цехтарын жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Бұл жақын шетел нарықтарына экспорт көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
Зауыт Hyundai Motor Company талаптарының барлығына сай келеді және Еуропа, АҚШ пен Азиядағы әлемдік деңгейдегі зауыттарды сертификаттайтын беделді ұйымдар — VCA (Ұлыбритания), RDW (Нидерланды) және TÜV Rheinland Korea тарапынан сертификатталған.
Кәсіпорынның жалпы аумағы – 15 гектар, өндірістік алаңы – 40 мың шаршы метр.
Hyundai Trans Kazakhstan зауыты Алматы қаласының Индустриалдық аймағында орналасқан және әлемдік автокөлік өнеркәсібінің заманауи технологияларын қолдана отырып салынған. Зауыт экологиялық стандарттар талаптарына сай келіп, Оңтүстік Кореяда өндірілген ең жаңа жабдықтармен жабдықталған. Кәсіпорындағы жабдықтарды орнату жұмыстары Hyundai Motor Company мамандарының қатысуымен жүргізілді.
Өндірістің қуаттылығы – жылына 50 мың автокөлік.
2022 жылы зауыт 37 205 автокөлік, 2023 жылы – 48 857 автокөлік, ал 2024 жылы – 45 410 автокөлік шығарды. 2020 жылдан бері кәсіпорын барлығы 165 595 автокөлік өндірді.
Hyundai Trans Kazakhstan жобасы Қазақстан Республикасының өндіріс және құрылыс министрлігі, Қазақстанның Даму Банкі, Өнеркәсіпті дамыту қоры, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, KazakhExport экспорттық сақтандыру компаниясы және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды.
2-меморандум бойынша анықтамалық ақпарат:
«Almaty Autoparts Production» ЖШС
Almaty Autoparts Production автокөлік орындықтарын шығаратын зауыт Алматы қаласының Индустриялық аймағында орналасқан. Мекенжайы: Алматы қаласы, Алатау ауданы, Алғабас ықшам ауданы, 7-көше, 142/62-ғимарат.
• Пайдалануға беру актісі: 2025 жылдың қаңтар айы
• Жобаның жалпы құны: 4 млрд теңгеден астам
• Жұмыс орындары: кемінде 65 адам
• Өндірістік қуаттылық: жылына 100 мың жиынтық
• Өткізу нарығы: Қазақстан
Almaty Autoparts Production зауыты Hyundai Trans Kazakhstan кәсіпорнына арналған Hyundai Tucson моделіне орнатылатын автокөлік орындықтарының ұсақтүйінді өндірісін бастап кетті. Жақын арада зауыт Hyundai Santa Fe модельдері үшін де орындықтар шығаруды жолға қоятын болады.
Қазақстанда өндірілетін көліктердің локализациялау үлесін арттыру мақсатында зауыттың әлеуетті клиенттері:
• Hyundai Trans Kazakhstan (жеңіл автокөліктер өндірушісі);
• Astana Motors Manufacturing Kazakhstan (жеңіл автокөліктер өндірушісі);
• Hyundai Trans Auto (Hyundai, Foton, Golden Dragon маркаларындағы жүк көліктері мен автобустар өндірушісі) және басқа да зауыттар.
Кәсіпорынның ауданы- Алматының Индустриалды аймағында 1 гектарға 5 мың шаршы метр. Almaty autoparts Production зауыты әлемдік автомобиль жасаудың заманауи технологияларын қолдана отырып салынған және экологиялық стандарттар талаптарына сәйкес келеді, Оңтүстік Корея өндірісінің жаңа жабдықтарымен жабдықталған. Кәсіпорында жабдықтарды монтаждау Youngsan Glonet Corporation мамандарының қатысуымен жүргізілді..
2025 жылдың наурыз айында зауыттың ресми ашылуы өтті. Жоба өз қаражаты есебінен жүзеге асырылған.
«СЕМАЗ» ЖШС
«СемАЗ» ЖШС – Қазақстандағы ауыл шаруашылығы және коммерциялық техниканы өндіретін отандық зауыт. Автокөлік құрастыру зауыты 2006 жылы Семей қаласында құрылған және «Вираж» холдингтік компаниялар тобының құрамына кіреді.
Өнімдері:
• «ГАЗ» маркалы шағын жүк көліктері
«SHACMAN» және «DONGFENG» маркалы жүк көліктері
• Қалалық автобустар («DONGFENG»)
• Жоғары өтімділікке ие және арнайы мақсаттағы «УРАЛ» техникасы
• Жоғары өтімділікке ие және арнайы мақсаттағы «DONGFENG» техникасы
Зауыттың өндірістік қуаты (екі ауысыммен):
• Тракторлар өндірісі – 3 000 бірлік
• Жүк көліктері өндірісі – 10 000 бірлік
• Автобусnfh өндірісі – 1 200 бірлік
Даму перспективалары:
2025 жылы «СемАЗ» ЖШС жылына 12 000 бірлік техника өндіретін жаңа зауытты іске қосуды жоспарлап отыр. Өндіріс келесі бағыттарды қамтиды:
• LCV, MCV, HCV кабиналарын дәнекерлеу желісі
• LCV, MCV, HCV кабиналары мен YTO тракторларының кабиналарын бояу және катафорез желісі
• LCV, MCV, HCV кабиналарын жинау желісі
Жобаның іске асырылу мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, Би-Боранбай көшесі, 93-үй