Другие новости
ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: НАУРЫЗДАҒЫ ӨСІМ 17,6%
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) мәліметінше 2025 жылдың наурызында Қазақстан аумағында жалпы құны 164,1 млрд теңгені құрайтын 12 289 бірл. техника жасалған. Былтыр осы уақытта 126,1 млрд теңгелік 10 448 бірл. көлік құралы шықты. Өндіріс көлемі былтырғы наурызға қарағанда 17,6% артты. Машинажасау саласындағы автоөнеркәсіптің үлесі аталған айда 38,4% болды.
Өндірісте жеңіл автомобиль саны басым – 11 264 бірл. Бұл 2024 жылдағыдан 15% жоғары нәтиже. Елдегі зауыттар 524 бірлік жүк көлігін құрастырып, 112,1% өсім көрсетті. Ал автобус өндірісі 19,5% азайған (136 бірл.) Одан бөлек 305 тіркеме мен жартылай тіркеме, 60 бірл. басқа арнайы техника жасалды. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша Қазақстанда жалпы құны 442,4 млрд теңгеден асатын 33 176 бірл. көлік құралы шықты.
Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Қазіргі нәтиже ұлттық өндірушілер нарық пен тұтынушы сапа, қауіпсіздік және төмен бағаны таңдайтынына сенетінін көрсетеді. Автобизнес өндіріс орындарының дамуы мен жаңаруына ғана емес, жаңа процесті іске қосуға да күш салып жатыр. 2025 жылы Алматы мен Қостанайда 2 заманға сай зауыт ашу жоспарланғанын еске саламын. Бұдан бөлек автокомпонент өндірісі қарқын алып келеді, бұл елімізді жаһандық жеткізу тізбегіне қосады».
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) басшысы салада зор мүмкіндіктер пайда болғанын атап өтті, Қазақстан үшін осы кезеңде автомобиль өндірісімен шектелмей, тұрақты өнеркәсіп экожүйесін қалыптастыру маңызды. Мұндай модель аса өнімді жұмыс орындарын ашып, экспортты дамытуға және жалпы ішкі өнімнің артуына үлес қосуға ықпал етуі керек.
Қостанайдағы Allur үш айда 18 049 бірл. техника құрастырды (-13,1%). Алматыдағы кәсіпорындар (Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) 12 943 (+29,1%) жеңіл және коммерциялық машина шығарды. Семейде (СемАЗ, Daewoo Bus Kazakhstan) 620 бірл. коммерциялық көлік жасалды (-42,1%). Қарағандыдағы QazTehna конвейеріне 376 бірл. техника тұрды (+12,2%). Көкшетаудағы зауыт (КАМАЗ-Инжиниринг) 263 бірл. коммерциялық автомобиль жөнелтті (+4,8%). Басқаларының нәтижесі – 925 бірл. техника.
Қаңтар мен наурыз аралығында көптеп шыққан бес бренд тізіміне (экспортты қосқанда) Hyundai (12 806 бірл.), Chevrolet (7 657 бірл.), Kia (5 609 бірл.), Jetour (2 437 бірл.) және Jac (1 696 бірл.) енді. Модельдер арасында Chevrolet Cobalt (6 559 бірл.), Hyundai Tucson (5 152 бірл.), Kia Sportage (2 774 бірл.), Hyundai Mufasa (2 134 бірл.) және Hyundai Santa Fe (1 472 бірл.) көп.