Другие новости
СӘУІРДЕ ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ САУДАСЫ 35,9% ӨСТІ

- Сәуірдегі топ-5: Hyundai, Chevrolet, Kia, Chery, Jetour
«Қазақстанның Автокөлік Одағының» (ҚАО) мәліметінше 2025 жылдың сәуірінде 19 247 бірл. жеңіл және коммерциялық автомобильдер сатылды, бұл былтырғыдан 35,9% жоғары көрсеткіш. Жыл басынан бері ресми дилерлер 66 090 автомобильдерді сатса, өткен жылы 53 605 бірл. көлік өткен (+23,3%).
Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Сауданың өсуімен қатар елде жасалған автомобиль салада мықтап орын алып келеді: сәуірде олардың үлесі 64,61%-ға жетті. Сұраныс құрылымындағы мұндай қатынас отандық көліктер мен отандық автозауыттар ұсынған сан түрлі модель сапа, баға және сатып алғаннан кейінгі қызмет тұтынушының күткеніндей болғанын растайды. Дилерлер мен банктердің бірігіп қолға алған бастамалары жаңа автомобильдердің ауқымды аудитория үшін қолжетімділігін арттырып жатыр. Жалпы айтқанда, ел тұрғындарының заманға сай әрі технологиялық модель алуды қалауы мен авторитейлдің ірі ойыншыларының белсенді жарнама кампаниялары, бәрі бірігіп автопарктің жаңаруына ықпал етеді және саланың тұрақты дамуына көмектеседі».
Ең көп өткен 10 автомобиль қатарында өзгеріс жоқ. Бірінші тұрған Hyundai дилерлері дәстүрден жаңылмай, 4 393 бірл. көлік сатты (былтырғы сәуірмен салыстырғанда +44,4%). Chevrolet де әдеттегідей екінші орынға жайғасты (2 725 бірл.; +84,5%). Үздік үштікке енген Kia-ның нәтижесі – 2 207 бірл. (+25,2%). Бұл жолы Chery бренді төртінші сатыға қайта көтерілді (1 434 бірл. (+38,8%). Сәуірде 1 368 көлігі иесін тапқан Jetour бесінші қатардан көрінді. Әрі қарай тізімде Geely (1 051 бірл.; +44,4%), Haval (1 046 бірл.; +76,7%), Toyota (744 бірл.; +6,9%), Changan (691 бірл.; -20%) және Jac (661 бірл.; -35,8%) бар.
Нарыққа қайта оралған Skoda (280 бірл.; +536,4%) мен Lada (204 бірл.; +423,1%) жақсы өтіп жатыр. BYD-дің де бастамасы жаман емес - сәуір айында 136 машинаның кілтін тапсырды.
Сәуірде сұраныс жоғары болған модельдер ішінде Chevrolet Cobalt (2 194 бірл.) Hyundai Tucson (1 762 бірл.) және Kia Sportage (1 000 бірл.) басым. Одан бөлек тізімге Hyundai Mufasa (745 бірл.), Hyundai Elantra (580 бірл.), Hyundai Santa Fe (548 бірл.), Chery Tiggo 7 Pro (538 бірл.), Kia K5 (495 бірл.), Haval M6 (456 бірл.) және Geely Coolray (393 бірл.) кірді.
Төрт айдың қорытындысы бойынша брендтер көшін Hyundai (16 098 бірл.; +30,7%) бастап тұр, екінші жүлде 8 734 автомобильдері өткен Chevrolet-ке бұйырды (+81,4%), Kia клиенттері 7 112 автомобильдің иесі атанды (+7,1%). Chery-дің 4 531 моделі иесін тапса (+1,3%), бестікті Jetour маркасы түйіндеді 4 471 бірл. (+74,5%).
ТОП-20: 2025 ЖЫЛҒЫ СӘУІРДЕГІ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ САУДАСЫ
|
СӘУІР |
ҚАҢТАР-СӘУІР |
||||
2024 |
2025 |
% |
2024 |
2025 |
% |
|
Hyundai |
3 043 |
4 393 |
44,4% |
12 320 |
16 098 |
30,7% |
Chevrolet |
1 477 |
2 725 |
84,5% |
4 814 |
8 734 |
81,4% |
Kia |
1 763 |
2 207 |
25,2% |
6 638 |
7 112 |
7,1% |
Chery |
1 033 |
1 434 |
38,8% |
4 474 |
4 531 |
1,3% |
Jetour |
637 |
1 368 |
114,8% |
2 562 |
4 471 |
74,5% |
Geely |
728 |
1 051 |
44,4% |
2 177 |
3 489 |
60,3% |
Haval |
592 |
1 046 |
76,7% |
2 904 |
3 628 |
24,9% |
Toyota |
696 |
744 |
6,9% |
2 813 |
2 898 |
3,0% |
Changan |
864 |
691 |
-20,0% |
3 017 |
2 321 |
-23,1% |
Jac |
1 030 |
661 |
-35,8% |
2 994 |
3 081 |
2,9% |
GAZ |
365 |
351 |
-3,8% |
1 298 |
1 267 |
-2,4% |
Skoda |
44 |
280 |
536,4% |
44 |
644 |
1363,6% |
Lexus |
388 |
207 |
-46,6% |
1 150 |
728 |
-36,7% |
Lada |
39 |
204 |
423,1% |
405 |
898 |
121,7% |
Tank |
188 |
192 |
2,1% |
659 |
682 |
3,5% |
Exeed |
41 |
178 |
334,1% |
526 |
521 |
-1,0% |
BYD |
|
136 |
0,0% |
|
222 |
0,0% |
Kamaz |
55 |
130 |
136,4% |
217 |
384 |
77,0% |
Omoda |
190 |
117 |
-38,4% |
656 |
473 |
-27,9% |
Subaru |
51 |
105 |
105,9% |
489 |
361 |
-26,2% |
Басқалар |
942 |
1 027 |
9,0% |
3 448 |
3 547 |
2,8% |
Жалпы нәтиже |
14 166 |
19 247 |
35,9% |
53 605 |
66 090 |
23,3% |