Другие новости
ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: САТЫЛҒАН ҮШ АВТОМОБИЛЬДІҢ ЕКЕУІ ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН
Ұлттық статистика бюросының берген мәліметі бойынша 2025 жылдың сәуірінде отандық кәсіпорындардың күшімен жалпы құны 196,3 млрд теңге болатын 13 886 бірл. түрлі техникалар жасалды. Ал былтыр дәл осы уақытта бағасы 172,2 млрд теңгені құрайтын 14 062 бірл. көлік шығарылды. (-1,4%). Машинажасау саласындағы автоөнеркәсіптің үлесі – 41,5%.
Төрт айдағы өндіріс көлемі былтырғы қаңтар-ақпанның нәтижесімен шамалас (-1,1%). Қазақстан аумағында жалпы құны 638,7 млрд теңгені құрайтын 47 041 бірл. техника конвейерден түсті, ал бір жыл бұрын осы кезеңде жергілікті зауыттар 593,1 млрд теңгелік 47 548 бірл. машина өндірген. Негізгі үлес жеңіл автомобильдерге тиесілі – 43 155 бірл. (-1,1%). Жүк көліктері– 1 813 бірл. (-13,1%), автобустар – 734 (-0,8%). Одан бөлек 1 140 тіркеме мен жартылай тіркеме және 199 бірл. басқа да арнайы техника өндірілді.
Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «2025 жылдың алғашқы төрт айында Қазақстандағы автоөндіріс кәсіпорындарының өндірістік көлемі өткен жылдың деңгейінде сақталуда. Бұл көрсеткіштер саланың тұрақты әрі болжамды жұмысын білдіреді. Жыл аяғына дейін Алматы мен Қостанайда екі жаңа автозауыт іске қосылып, елде жасалатын автомобильдердің модельдік қатары кеңейетіндіктен, өндіріс көлемі артады деп күтіп отырмыз. Технологиялық процестерге терең үңілуге ден қою да маңызды трендке айналды, елде жасалатын автокомпонент үлесі басым болып келеді. Мұның барлығы еліміздің өңірлерінде жоғары өнімді жаңа жұмыс орындарын ашуға, индустриялық инфрақұрылымды дамытуға және елдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға ықпал етеді. Таңдалған өнеркәсіптік саясаттың дұрыстығын сату көрсеткіштері де дәлелдейді: бүгінде елімізде сатылған әр үш автокөліктің екеуі – қазақстандық өндірістің өнімі».
«Қазақстанның Автокөлік Одағының» (ҚАО) мәліметінше 2025 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында Қостанайда (Allur) 24 989 бірл. техника өндірілді (-17,3%). Алматыдағы кәсіпорындар (Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) 18 819 (+39,4%) жеңіл және коммерциялық көлікді құрастырды. Семейде (СемАЗ, Daewoo Bus Kazakhstan) 1 111 бірл. коммерциялық техника конвейерге тұрды. Қарағанды облысындағы QazTehna 476 бірл. техника (+15,8%) өндірді. Көкшетаудағы КАМАЗ-Инжиниринг 363 бірл. коммерциялық автомобиль жөнелтті (+17,1%). Басқаларында – 1 283 бірл. техника.
2025 жылдың қаңтары мен сәуірі аралығында көптеп шыққан бес бренд тізіміне (экспортты қосқанда) Hyundai (18 625 бірл.), Chevrolet (9 786 бірл.), Kia (8 165 бірл.), Jetour (3 521 бірл.) және Jac (2 606 бірл.) кірді. Модельдер арасында Chevrolet Cobalt (8 235 бірл.), Hyundai Tucson (7 224 бірл.), Kia Sportage (3 962 бірл.), Hyundai Santa Fe (2 778 бірл.) және Hyundai Mufasa (2 449 бірл.) көп.