Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 503 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Басқа жаңалықтар

16 ақпан
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА КӨЛІК САУДАСЫ: ҚАҢТАРДА САТЫЛҒАН 10 МАШИНАНЫҢ 9-Ы – ОТАНДЫҚ ӨНІМ

26 ақпан
ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: ӨНДІРІС КӨЛЕМІ РЕКОРДТЫҚ 37%-ҒА ӨСТІ

АВТОПАРКТІ ЖАҢАРТУ – 2026 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАН АВТОИНДУСТРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ КҮН ТӘРТІБІ

23 ақпан

Автонарықтың негізгі ойыншылары 2025 жылдың қорытындыларын шығарып, саланың басты үрдістері мен даму перспективаларын талқылады.

«2026 жылғы Қазақстан Автоөнеркәсібінің даму перспективалары: үрдістер мне болжамдар» атты баспасөз конференциясына «Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) ұйымдастыруымен Анар Мақашева – ҚАО президенті; Динара Искакова – Orbis Auto автомобиль тобының бас директоры; Оксана Холстинина – Allur қазақстандық автомобиль компаниясының президенті; Кыдыролла Жумагулов – СемАЗ ЖШС бас директорының орынбасары; Бекнұр Несіпбаев – Astana Motors компаниясының бас директоры қатысты.

Ел автопаркін жаңарту – ҚАО-ның 2026 жылға арналған басты мақсаты.

«Қазақстан автопаркін жаңарту – экология мен жол қауіпсіздігінің мәселесі. Кепілдігі бар, қолжетімді бағадағы жаңа, заманауи, технологиялық автомобильдер - қазақстандықтар үшін басым міндет. Осы мақсатта біз автокомпоненттер өндірісін жергіліктендірудеміз, бұл өз кезегінде автокөлік бағасының өсуін тежеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар заң талаптарын бұза отырып әкелінген автомобильдер мәселесі де өзекті. Бұл мәселені шешу азаматтардың құқықтарын, өмірі мен денсаулығын қорғау үшін аса маңызды және түбегейлі шараларды талап етеді», – деп атап өтті ҚАО президенті.

ҚАО сарапшылары мен Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, Қазақстанда жаңа автокөліктер сатылымы жыл сайын 5-15% өсіп келеді.

2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша өндірушілердің ресми өкілдері арқылы сатылған жаңа автомобильдер көлемі (импорт және отандық өндіріс) 234 852 бірлікті құрады, бұл 2024 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 14,4%-ға жоғары. Осылайша, Қазақстандағы жаңа автомобильдер нарығы қатарынан екінші жыл 200 мыңнан астам сатылым деңгейін сақтап отыр. 2025 жылы отандық өндірістегі автомобильдердің үлесі 69% болды. Бұл статистика қазақстандықтардың көліктерін жаңартуға деген ұмтылысын, әлемдік брендтерге және әсіресе Қазақстанда шығарылатын модельдерге жоғары қызығушылықты көрсетеді.

2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша республикада 1000 адамға шаққанда 291 автомобильден келеді, ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 500-ге дейін жетеді. 20 жылдан асқан автомобильдердің үлесі - 41%-дан жоғары. Сондықтан елдегі автопаркті жаңарту – саланың басты басымдықтарының бірі.

Азаматтарды алаяқтық схемалардан қорғау, компоненттерді жергіліктендіру арқылы танымал модельдердің бағасын ұстап тұру, ресми дилерлер тарапынан кепілдік пен түпнұсқа қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету – автопаркті жаңартудың тиімді шаралары.

Сонымен қатар автопаркті жасарту құралдарының бірі – ресми дилерлердің арнайы қаржылық бағдарламалары. Orbis Auto бас директоры Динара Искакованың айтуынша, 2026 жылғы негізгі тренд – сұраныстың рационалдануы.

«Несиелік мәмілелер үлесі 70%-дан асқан жағдайда автомобиль бірнеше жылға арналған қаржылық шешімге айналады. Сатып алушы енді тек бағаны емес, иеленудің толық құнын – қаржыландыру шарттарын, ай сайынғы төлемді және болашақ шығындарды бағалайды. 2026 жылы дәл осы есептеу логикасы сұраныс құрылымын анықтайды», - деді Динара Искакова.

Автопаркті жаңартуға арналған барлық құралдар - жүйелі жұмыстың нәтижесі. «Инвестициялық жоспарлар, дилерлік желіні дамыту, кепілдік пен сервис - бұл жауапты даму. Біз осы басымдықтарды ұстануды жалғастырамыз», – деді СемАЗ бас директорының орынбасары Кадыролла Жумагулов.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылғы желтоқсанда жаңа жеңіл автомобильдерге тұтыну бағаларының индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,4% болды, яғни баға 5,4% өсті. Ал отандық жаңа автомобильдердің бағасы небәрі 1,9%-ға ғана артқан.

«Өндірісті жергіліктендіру автомобильдердің өзіндік құнын төмендетіп, оларды сатып алушылар үшін қолжетімді етеді», – деп есептейді Бекнұр Несіпбаев. 2025 жылғы қыркүйекте Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендті зауыты іске қосылғаннан кейін Astana Motors компаниясы Chery, Changan және Haval брендтерінің автокөліктеріне моделіне қарай 7-15% аралығында бағаны төмендеткенін хабарлады. 2026 жылғы қаңтарда автосалондарда жаңа автомобиль сатып алуға арналған түрлі акциялар мен арнайы ұсыныстар жалғасуда. Осының барлығы қазақстандықтарды көліктерін жаңартуға ынталандырады.

Сала көшбасшылары 2026 жылға арналған сатылым мен өндіріс болжамдарын да жариялады. Қойылған мақсаттарға жету үшін әр компания адами капиталды дамытуға ерекше назар аударуда.

«Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланған 2025 жыл инженерлік мамандықтардың беделі мен сапасын қалпына келтірудің маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті. Біздің сала үшін бұл – технологиялық егемендік мәселесі, өйткені CKD-өндіріс, роботтандыру және жаһандық брендтердің стандарттары жоғары білікті кадрларды талап етеді. Өткен жылы 4 мыңнан астам қызметкер мен студент Allur корпоративтік университетінде білім алды. Біз білім беру бағдарламаларын кеңейтуді және жоғары оқу орындары мен колледждермен ынтымақтастықты тереңдетуді жалғастырамыз. Біздің міндетіміз – тек автомобиль өндіру ғана емес, Қазақстанда тұрақты индустриялық экожүйе қалыптастыру», – деп түсіндірді Оксана Холстинина, Allur қазақстандық автомобиль компаниясының президенті.

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 503 кеңсе

2026 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.
Youtube