Басқа жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА КӨЛІК САУДАСЫ: БІРІНШІ ТОҚСАН ҚОРЫТЫНДЫСЫ

- Наурыздағы топ-5: Hyundai, Kia, Chevrolet, Changan, Chery
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) деректеріне сәйкес, 2026 жылғы наурызда Қазақстан аумағында ресми дилерлер 17 099 жаңа жеңіл және коммерциялық автокөлік сатты, бұл өткен жылдың наурызымен салыстырғанда 12,9%-ға төмен. Үш айдың қорытындысы бойынша 44 757 автокөлік сатылып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5%-ға азайды.
Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Жылдық көрсеткіште сатылымның аздап төмендеуіне қарамастан, нарық әлсіз ақпаннан кейін тұрақтану белгілерін көрсетуде. Мұндай динамика жағдайында автокөлік жеткізілімдерін түзету сөзсіз. Сонымен қатар, нарық ішінде үлестердің белсенді қайта бөлінуін байқап отырмыз: жекелеген брендтердің позициясы күшейіп келеді, бұл бәсекенің жоғары деңгейін және отандық өндірушілер өнімдеріне деген сенімді тағы да дәлелдейді. Нарық динамикасына неғұрлым объективті баға беруге және жылдық болжам жасауға дәстүрлі түрде тұтынушылық белсенділік жоғары болатын екінші тоқсан мүмкіндік береді».
Наурыз айында ең көп сатылған брендтер Топ-10 рейтингінде бірінші орынды Hyundai сақтап қалды 3 192 бірл.; былтырғы наурызбен салыстырғанда -28,3%) көш бастады. Екінші орында Kia - 2 317 (+9,3%). Үшінші орынды Chevrolet (2 142 бірл.; -21,8%) алды. Көктемнің алғашқы айында саудасы қызған бренд – Changan. Дилерлер 1 766 бірл. (+151,2%) автомобильдің кілтін тапсырған. Одан бөлек тізімге Chery (1 270 бірл.; -5,9%), Haval (1 227 бірл.; -4,6%), Jetour (850 бірл.; -37,6%), Toyota (581 бірл.; -32,6%), Jac (451 бірл.; -57,9%) және Geely (428 бірл.; -58,1%) енді.
Наурыз қорытындысы бойынша ең танымал модельдер арасында Chevrolet Cobalt (1 965 бірл.). Екінші орында Hyundai Tucson (1 516 бірл.), үшінші орында Kia Sportage (841 бірл.) кроссоверіне бұйырды. Changan CS55 Plus осымен екі ай қатарынан төртінші орыннан көрініп отыр (798 бірл.). Haval Jolion (683 бірл.) мен Chery Tiggo 7 (565 бірл.) одан кейін тұр. Жетінші сатыға Hyundai Elantra (561 бірл.) тұрақтаса, ізін ала Changan CS35 Max (513 бірл.) келеді. Тізімді Hyundai Mufasa (440 бірл.) мен Kia Soluto (416 бірл.) түйіндеді. Барлық модель Қазақстан аумағында жасалады.
Бірінші тоқсандағы нәтиже бойынша әдеттегідей Hyundai (8 658 бірл.; -25,8%) ешкімге дес берер емес. Екінші орында тұрған Kia (7 493; +52,8%) оған жақындап қалды, үздік үштікке тағы Chevrolet (6 629 бірл. (+10,3%) кірді. Сондай-ақ тізімде Chery – 3 320 бірл. (+7,2%), Changan – 3 231 бірл. (+98,2%), Haval – 2 308 бірл. (-10,5%), Jetour – 2 258 бірл. (-27,2%), Jac – 1 491 бірл. (-38,4%), Toyota – 1 266 бірл. (-41,2%) және Geely – 1 181 бірл. (-51,6%) бар.
ТОП-20: 2026 ЖЫЛҒЫ НАУРЫЗДАҒЫ ЖАҢА ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ
|
|
НАУРЫЗ |
ҚАҢТАР-НАУРЫЗ |
||||
|
2025 |
2026 |
% |
2025 |
2026 |
% |
|
|
Hyundai |
4 449 |
3 192 |
-28,3% |
11 672 |
8 658 |
-25,8% |
|
Kia |
2 120 |
2 317 |
9,3% |
4 905 |
7 493 |
52,8% |
|
Chevrolet |
2 738 |
2 142 |
-21,8% |
6 009 |
6 629 |
10,3% |
|
Changan |
703 |
1 766 |
151,2% |
1 630 |
3 231 |
98,2% |
|
Chery |
1 350 |
1 270 |
-5,9% |
3 098 |
3 320 |
7,2% |
|
Haval |
1 286 |
1 227 |
-4,6% |
2 580 |
2 308 |
-10,5% |
|
Jetour |
1 362 |
850 |
-37,6% |
3 103 |
2 258 |
-27,2% |
|
Toyota |
862 |
581 |
-32,6% |
2 154 |
1 266 |
-41,2% |
|
JAC |
1 071 |
451 |
-57,9% |
2 420 |
1 491 |
-38,4% |
|
Geely |
1 021 |
428 |
-58,1% |
2 438 |
1 181 |
-51,6% |
|
Geely Galaxy |
|
350 |
NEW |
|
596 |
NEW |
|
BYD |
40 |
332 |
730,0% |
86 |
760 |
783,7% |
|
GAZ |
377 |
216 |
-42,7% |
916 |
563 |
-38,5% |
|
Yutong |
57 |
177 |
210,5% |
229 |
427 |
86,5% |
|
Lada |
240 |
169 |
-29,6% |
694 |
606 |
-12,7% |
|
Tank |
178 |
146 |
-18,0% |
490 |
377 |
-23,1% |
|
Skoda |
102 |
146 |
43,1% |
364 |
276 |
-24,2% |
|
MG |
30 |
122 |
306,7% |
119 |
169 |
42,0% |
|
Lexus |
221 |
103 |
-53,4% |
521 |
244 |
-53,2% |
|
Omoda |
243 |
96 |
-60,5% |
356 |
220 |
-38,2% |
|
Басқалар |
1 176 |
1 014 |
-13,8% |
3 070 |
2 680 |
-12,7% |
|
Жалпы нәтиже |
19 626 |
17 099 |
-12,9% |
46 854 |
44 757 |
-4,5% |