Другие новости
Астанада машина жасау және металл өңдеу бойынша «Kazakhstan Machinery Fair 2025» халықаралық мамандандырылған көрмесі ашылды

Бүгін «EXPO» ХКО-да Kazakhstan Machinery Fair 2025 машина жасау және металл өңдеу бойынша Халықаралық мамандандырылған көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, Чехия Республикасының Өнеркәсіп және сауда вице-министрі Мартин Фржелич, Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пшембаев және Қазақстанның автокөлік одағының президенті Анар Макашева қатысты.
Іс-шараның ашылу салтанатында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев құттықтау сөз сөйледі.
«Машина жасау – еліміздің өнеркәсіптік әлеуетінің негізі, технологиялық прогрестің драйвері және ұлттық экономиканы қолдау. Өңдеу өнеркәсібі құрылымындағы саланың үлесі 19%-ды құрайды», – деді министр.

Қонақтар қазақстандық машина жасау кәсіпорындарының, оның ішінде отандық өндірістің автомобильдерін, коммерциялық техникасы мен автокөлік компоненттерін ұсынған елдің жетекші автокөлік өндірушілерінің өнімдерімен танысты.
«Қазақстанның автокөлік одағының» мүшелері болып табылатын отандық автокөлік өндірушілері өз стендтерін ұсынды. Келушілер бұл жерде Қазақстанда өндірілген жеңіл және коммерциялық техникалармен таныса алады.

Көрмеге қатысушылардың қатарында Allur, Astana Motors, QazTehna, «ВИРАЖ» компаниялар тобы, «КАМАЗ-Инжиниринг» сияқты ірі отандық компаниялар бар. Сонымен қатар, көрмеге Almaty Autoparts Production, «Кайнар-АКБ» сынды автокөлік компоненттерін өндіретін отандық кәсіпорындар да қатысуда.
Германия, Түркия, Австрия, Италия, Қытай елдерінің ұлттық экспозицияларын атап өткен жөн. Германия павильонында Саксония және Тюрингия федералды штаттарының ұжымдық стендтері, сондай-ақ әртүрлі салаларға арналған жоғары технологиялық шешімдері бар жетекші неміс компаниялары бар.
Көрмені жыл сайын мыңдаған мамандар, соның ішінде зауыттар мен өндірістік кәсіпорындардың, машина жасау жабдықтарын сататын көтерме және бөлшек сауда компанияларының, өнеркәсіптік технологияларды әзірлеуші және өндіретін компаниялардың, құрылыс және өңдеуші саланың, өнеркәсіптің мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ инженерлер мен технологтар, автоматика және робототехника мамандары, өнеркәсіптік дизайн және машина жасау саласындағы мамандар тамашалайды.