Астана қ., Алматы к-сі, 7, seven БО, 201 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз Жарнамалар
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Другие новости

15 сәуір
Отандық автокөлік өндірісі: сын-қатерлер, шешімдер және өсу нүктелері

24 сәуір
Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушылары форумында Мемлекет басшысының құттықтау сөзін оқыды

Астанада машина жасау және металл өңдеу бойынша «Kazakhstan Machinery Fair 2025» халықаралық мамандандырылған көрмесі ашылды

23 сәуір

Бүгін «EXPO» ХКО-да Kazakhstan Machinery Fair 2025 машина жасау және металл өңдеу бойынша Халықаралық мамандандырылған көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.                                            

Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, Чехия Республикасының Өнеркәсіп және сауда вице-министрі Мартин Фржелич, Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пшембаев және Қазақстанның автокөлік одағының президенті Анар Макашева қатысты.           

Анар                                                                                 

Іс-шараның ашылу салтанатында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев құттықтау сөз сөйледі.

«Машина жасау – еліміздің өнеркәсіптік әлеуетінің негізі, технологиялық прогрестің драйвері және ұлттық экономиканы қолдау. Өңдеу өнеркәсібі құрылымындағы саланың үлесі 19%-ды құрайды», – деді министр.


МПС

Қонақтар қазақстандық машина жасау кәсіпорындарының, оның ішінде отандық өндірістің автомобильдерін, коммерциялық техникасы мен автокөлік компоненттерін ұсынған елдің жетекші автокөлік өндірушілерінің өнімдерімен танысты.


«Қазақстанның автокөлік одағының» мүшелері болып табылатын отандық автокөлік өндірушілері өз стендтерін ұсынды. Келушілер бұл жерде Қазақстанда өндірілген жеңіл және коммерциялық техникалармен таныса алады.


1


Көрмеге қатысушылардың қатарында Allur, Astana Motors, QazTehna, «ВИРАЖ» компаниялар тобы, «КАМАЗ-Инжиниринг» сияқты ірі отандық компаниялар бар. Сонымен қатар, көрмеге Almaty Autoparts Production, «Кайнар-АКБ» сынды автокөлік компоненттерін өндіретін отандық кәсіпорындар да қатысуда.


Германия, Түркия, Австрия, Италия, Қытай елдерінің ұлттық экспозицияларын атап өткен жөн. Германия павильонында Саксония және Тюрингия федералды штаттарының ұжымдық стендтері, сондай-ақ әртүрлі салаларға арналған жоғары технологиялық шешімдері бар жетекші неміс компаниялары бар.

Көрмені жыл сайын мыңдаған мамандар, соның ішінде зауыттар мен өндірістік кәсіпорындардың, машина жасау жабдықтарын сататын көтерме және бөлшек сауда компанияларының, өнеркәсіптік технологияларды әзірлеуші және өндіретін компаниялардың, құрылыс және өңдеуші саланың, өнеркәсіптің мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ инженерлер мен технологтар,  автоматика және робототехника мамандары, өнеркәсіптік дизайн және машина жасау саласындағы мамандар тамашалайды.


logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат

2025 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.