Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 503 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Басқа жаңалықтар

14 қараша 2025
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗАН АЙЫНДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР НАРЫҒЫ

22 желтоқсан 2025
ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: ҚАРАШАДА 22 580 БІРЛ. ТЕХНИКА ШЫҚТЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА РЕКОРД

15 желтоқсан 2025
  • Қарашадағы топ-5: Chevrolet, Hyundai, Kia, Jetour, Toyota

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) дерегінше, 2025 жылғы қарашада Қазақстанда 25 804 жеңіл автокөлік пен коммерциялық техника сатылды. Бұл өткен жылдың қарашасымен салыстырғанда 22,7% жоғары. Айлық сатылым бойынша бұл — рекорд, ал 2025 жыл Қазақстандағы ресми авторитейл тарихындағы ең нәтижелі жыл болмақ. Жыл басынан бері 11 айда отандық дилерлер 207 616 жаңа автокөлік өткізді (+15,6%).

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Қараша айында ресми дилерлер 25 мыңнан астам жаңа автокөлікті өткізді, және бұл ай рекордтық нәтиже көрсетті. 2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша жаңа автокөлік нарығы былтырғы жылдың толық көрсеткішінен асып түсті, әрі алда бізді белсенді сатылым кезеңіндегі тағы бір ай күтіп тұр. Уәде еткендей, дилерлер серіктестермен бірлесіп қаржыландыру құралдарының қатарын кеңейтіп, арнайы ұсыныстар мен акцияларды іске қосуда. Дәстүрлі түрде желтоқсан автокөлік сатып алу үшін ең тиімді ай саналады. Республикамыздың Тәуелсіздік күні қарсаңында серіктестеріміз бен сатып алушыларымызға сенім білдіргені және саланың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, барша қазақстандықтарды алда келе жатқан мерекемен құттықтаймын».

Қарашада ең көп сатылған маркалар рейтингінде орын алмастыру болды: Chevrolet 7 777 автокөлікпен (өткен жылдың қарашасымен салыстырғанда +76%) көш бастап, Hyundai нәтижесін (5 261; +37,9%) басып озды. Kia дилерлері 1 990 автокөлік сатты (+23,1%), Jetour — 1 326 (+43,7%). Бесінші орында Toyota (1 252; +3,4%). Алтыншы — Chery (1 123; -25,9%), жетінші — Haval (1 091; -24,9%). Үздік ондықты Changan (1 006; +4,1%), Geely (828; -15,3%) және Jac (597; -43,5%) толықтырды.

Қараша айындағы ең танымал модельдер: Chevrolet Cobalt (7 105), Hyundai Tucson (1 945) және Kia Sportage (1 320). Төртінші орында — Hyundai Mufasa (1 019). Одан кейін: Hyundai Elantra (907), Haval M6 (641), Hyundai Santa Fe (614), Chevrolet Onix (609), Changan CS55 Plus (498) және Hyundai Sonata (487). Үздік ондыққа енген барлық модель Қазақстанда өндірілген.

Он бір ай қорытындысы бойынша брендтер арасында Hyundai көш бастап тұр (45 220; +19,3%). Екінші орында — Chevrolet (33 486; +26,5%), үштікті Kia түйіндеді (21 481; +1,9%). Jetour төртінші орында (13 012 кроссовер; +55,6%). Бесінші — Chery (12 518; -7%), алтыншы — Haval (10 424; +7,8%). Одан кейінгі орындарда: Changan (10 131; +31,6%), Toyota (10 075; +2,9%), Geely (9 020; +24,6%) және Jac (8 787; -13,4%).

ТОП-20: 2025 ЖЫЛҒЫ ҚАРАШАДАҒЫ ЖАҢА ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ

 

ҚАРАША

ҚАҢТАР-ҚАРАША

2024

2025

%

2024

2025

%

Chevrolet

4 418

7 777

76,0%

26 463

33 486

26,5%

Hyundai

3 815

5 261

37,9%

37 918

45 220

19,3%

Kia

1 617

1 990

23,1%

21 087

21 481

1,9%

Jetour

923

1 326

43,7%

8 360

13 012

55,6%

Toyota

1 211

1 252

3,4%

9 790

10 075

2,9%

Chery

1 515

1 123

-25,9%

13 466

12 518

-7,0%

Haval

1 452

1 091

-24,9%

9 672

10 424

7,8%

Changan

966

1 006

4,1%

7 700

10 131

31,6%

Geely

978

828

-15,3%

7 237

9 020

24,6%

Jac

1 056

597

-43,5%

10 143

8 787

-13,4%

BYD

 

453

0,0%

 

2 780

0,0%

Yutong

69

453

556,5%

1 089

1 462

34,3%

Lexus

321

318

-0,9%

3 267

2 709

-17,1%

GAZ

330

290

-12,1%

3 744

3 198

-14,6%

Lada

152

266

75,0%

902

2 569

184,8%

Tank

187

179

-4,3%

1 804

2 052

13,7%

Golden Dragon

123

158

28,5%

545

271

-50,3%

Jac Trucks

159

154

-3,1%

1 160

1 141

-1,6%

Subaru

55

138

150,9%

952

1 254

31,7%

Kaiyi

115

103

-10,4%

611

1 110

81,7%

Басқалар

1 562

1 041

-33,4%

13 714

14 916

8,8%

Жалпы нәтиже

21 024

25 804

22,7%

179 624

207 616

15,6%

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 503 кеңсе

2026 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.
Youtube