Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 503 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Басқа жаңалықтар

22 желтоқсан 2025
ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: ҚАРАШАДА 22 580 БІРЛ. ТЕХНИКА ШЫҚТЫ

09 қаңтар
ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: 2025 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

БАҚ ЖӘНЕ МЕДИА ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН РЕСМИ ХАБАРЛАНДЫРУ

25 желтоқсан 2025

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында «Жасыл даму» АҚ «СарыарқаАвтоПром» АҚ және Astana Motors Manufacturing Kazakhstan кәсіпорындарымен ірі мәмілелер жасасты деген мазмұндағы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін және отандық автоөнеркәсіптің беделіне нұқсан келтіретінін хабарлайды.

Қазіргі уақытта аталған ұлттық автоөнеркәсіп өкілдерінің ешқайсысы «Жасыл даму» АҚ-мен қандай да бір мүліктік сипаттағы мәмілелермен ресми түрде байланысты емес. «Активтердің жалпы баланстық құнының 25%-ы және одан да көп мөлшерін құрайтын мүлікті иеліктен шығару» немесе «қайтарымсыз қаржыландыру» жөніндегі ақпараттар іс жүзінде шындыққа жанаспайды және қоғамды жаңылыстырады.

«Жасыл даму» АҚ мен автокөлік өндірушілер арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне және Қазақстан Республикасында экологиялық таза автокөлік құралдарын өндіруді ынталандыру қағидаларына сәйкес, жалпыға ортақ тәртіппен жасалған стандартты шарттар шеңберінде ғана жүзеге асырылады. Аталған қағидалар Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 21 шілдедегі №263 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 шілдедегі №400 бірлескен бұйрығымен бекітілген.

Осы типтік шарттар аясында автокөлік өндірушілер «Жасыл даму» АҚ-нан ешқандай мүлікті сатып алмайды. Сонымен қатар, отандық автокөлік өндірушілер өндірілген әрбір көлік бірлігі үшін утилизациялық төлемдерді толық көлемде «Жасыл даму» АҚ-ның шотына ақшалай қаражат аудару арқылы жүзеге асырып келеді.

Осыған байланысты «Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) аталған жалған ақпаратты осы теріске шығаруды жариялауды сұрайды. Сондай-ақ, БАҚ жарияланымдарында бастапқы дереккөз ретінде «Жасыл даму» АҚ ресми редакциялық сауалға берген жауабы көрсетілгендіктен, ҚАО «Жасыл даму» АҚ басшылығынан ресми әрі жария түсініктеме күтеді.

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарында, интернетте, оның ішінде онлайн-платформаларда жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске салады. Айыппұл мөлшері 20-дан 250 айлық есептік көрсеткішке дейін жетуі мүмкін, ал бір жыл ішінде құқық бұзушылық қайталанған жағдайда 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қолданылуы ықтимал.

Сонымен қатар, егер ақпараттың көрінеу жалған екені және бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникация желілерін немесе онлайн-платформаларды пайдалану арқылы азаматтарға, ұйымдарға немесе мемлекетке зиян келтіруі мүмкін екені дәлелденсе, кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес үш жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Аталған нормалар Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде фейк жаңалықтар мен жалған ақпараттың таралуына қарсы бағытталған.

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 503 кеңсе

2026 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.
Youtube