Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 503 кеңсе
+7 701 276 61 56 info@kao.kz
logo
Біз туралы
Одақ туралы Одақ жарғысы Құрылым Одаққа қосылыңыз
Шолулар және статистика
Инфографика
Жаңалықтар
Байланыс
RU KZ EN
call +7 701 276 61 56
mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Қонаев көш., 12/1, 14 қабат
Instagram
RU KZ EN

Басқа жаңалықтар

09 қаңтар
ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: 2025 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

05 ақпан
ASTANA MOTORS КОРЕЯ МЕН АҚШ-ТАҒЫ СЕРІКТЕСТЕРІМЕН БІРГЕ ҚАЗАҚСТАНДА ДӨҢГЕЛЕК ДИСКІЛЕР ЛОКАЛИЗАЦИЯЛАУДЫ КӨЗДЕЙДІ

ҚР АВТОНАРЫҒЫ: 2025 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

19 қаңтар
  • 2025 жылы ел тұрғындары 234 852 бірл. жаңа жеңіл және коммерциялық автомобиль сатып алды
  • Топ-5 бренд: Hyundai, Chevrolet, Kia, Chery, Jetour
  • Ең көп өткен он модельдің бәрі Қазақстанда жасалған

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) дерегінше 2025 жылғы желтоқсанда ресми дилерлер 27 464 жаңа жеңіл және коммерциялық көлік сатты, бұл өткен жылғы рекордтық желтоқсанмен салыстырғанда 7,3%-ға артық. 2025 жылдың қорытындысы бойынша сатылым көлемі 234 852 автокөлікті құрады, бұл алдыңғы жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда 14,4%-ға жоғары. Осылайша, Қазақстандағы жаңа автокөліктер нарығы қатарынан екінші жыл 200 мыңнан астам сатылған көлік көрсеткішінен асты. 

 

2025 жылы сатылымның шарықтау шегі дәстүрлі түрде екінші және төртінші тоқсандарда тіркелді, ал желтоқсан айы үшінші жыл қатарынан айлық сатылым бойынша рекорд жаңартты. 

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «2025 жылы отандық автокөлік жасау саласы индустриялық серпіліс жасады: мемлекет қолдауының арқасында ұлттық және шетелдік инвесторлар екі заманауи автозауытты іске қосу жобаларын жүзеге асырды. Сонымен қатар, бөлшек саудадағы тиімді клиентке бағдарланған саясаттың нәтижесінде бүгінгі таңда сатып алушылар үшін қолжетімді қаржылық құралдардың кең таңдауы ұсынылып отыр. Желтоқсан айының қорытындысы бойынша сатылған әрбір 10 жаңа автокөліктің 8-і – отандық өндіріс өнімі. Ал жыл қорытындысында ең танымал ТОП-10 модельдің барлығы Қазақстанда шығарылған. Бұл автонарықтағы мемлекеттік қолдау саясатының, технологиялар трансфері мен Қазақстан автоөнеркәсібінің өз құзыреттерін арттырудың жүйелі түрде жүргізілуінің нәтижесінсіз мүмкін болмас еді».

2025 жылғы сатылым қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасындағы ең танымал брендтер ондығында Hyundai көшбасшылығын сақтап қалды. Қаңтар-желтоқсан айларында 50 868 Hyundai автокөлігі сатылды (+15,4%). Екінші орында Chevrolet – 38 880 бірл. (+25,7%). Үшінші орынды Kia иеленді – 23 402 бірл. (+1,5%). Жыл бойы төртінші орын үшін қытайлық екі бренд бәсекелесті: Chery (14 570 бірл.; -2,1%) және Jetour (14 507 бірл.; +52,6%). Жыл қорытындысы бойынша Haval алтыншы орында (11 688 бірл.; +6,4%). Toyota жетінші орында – 11 338 бірл. (+2,7%). Сегізінші орында Changan маркасы – 11 260 бірл. (+32,3%). ТОП-10 тізімін Jac (10 330 бірл.; -12,2%) және Geely (9 621 бірл.; +16,6%) енді.

Қазіргі таңда нарықта 75-тен астам автокөлік бренді ұсынылғанына қарамастан, сатылымдардың 80%-дан астамы әлі де ірі он компанияның үлесінде қалып отыр. Қытайлық маркалардың үлесі, олардың қатысуы айтарлықтай кеңейгеніне қарамастан, өткен жылдың деңгейінде сақталып, 39%-ды құрады.

2025 жылы Chery Tiggo 2 және Changan CS55 Plusмодельдері Алматы қаласындағы жаңа зауытта өндірістен шығып, «қазақстандық тіркеуге» ие болды. Жыл қорытындысы бойынша Қазақстанда сатылған ең танымал алғашқы он модельдің барлығы елімізде өндірілген. ТОП-10 тізіміндегі алғашқы үштік өзгеріссіз қалды: Chevrolet Cobalt (31 802 бірл.), Hyundai Tucson (20 697 бірл.) және Kia Sportage (10 988 бірл.). Одан кейінгі орындарда: Hyundai Mufasa (8 203 бірл.), Hyundai Elantra (7 867 бірл.), Hyundai Santa Fe (5 764 бірл,), Chevrolet Onix (5 732 бірл.), Changan CS55 Plus (5 558 бірл.), Chery Tiggo 2 (5 278 бірл.) және Jac S3 Pro (5 127 бірл.). 

 

ТОП-20: 2025 ЖЫЛҒЫ ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ ЖАҢА ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ

 

ЖЕЛТОҚСАН

ҚАҢТАР-ЖЕЛТОҚСАН

2024

2025

%

2024

2025

%

Hyundai

6 300

5 865

-6,9%

44 218

50 868

15,0%

Chevrolet

4 464

5 394

20,8%

30 927

38 880

25,7%

Chery

1 417

2 051

44,7%

14 883

14 570

-2,1%

Kia

1 958

1 921

-1,9%

23 045

23 402

1,5%

Jac

1 628

1 543

-5,2%

11 771

10 330

-12,2%

Jetour

1 147

1 495

30,3%

9 507

14 507

52,6%

Haval

1 311

1 270

-3,1%

10 983

11 688

6,4%

Toyota

1 255

1 263

0,6%

11 045

11 338

2,7%

Changan

810

1 132

39,8%

8 510

11 260

32,3%

Geely

1 015

601

-40,8%

8 252

9 621

16,6%

BYD

 

465

NEW

 

3 245

NEW

GAZ

401

401

0,0%

4 145

3 599

-13,2%

Lexus

411

348

-15,3%

3 678

3 057

-16,9%

Yutong

345

326

-5,5%

1 434

1 788

24,7%

Kamaz

344

312

-9,3%

1 226

1 397

13,9%

Howo

11

295

2581,8%

40

695

1637,5%

Lada

183

273

49,2%

1 085

2 842

161,9%

Jac Trucks

176

260

47,7%

1 336

1 401

4,9%

Omoda

241

215

-10,8%

2 088

1 506

-27,9%

Tank

243

207

-14,8%

2 047

2 260

10,4%

Басқалар

1 943

1 827

-6,0%

15 007

16 598

10,6%

Жалпы нәтиже

25 603

27 464

7,3%

205 227

234 852

14,4%

 

logo
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" заңды тұлғалар бірлестігі (ҚАО) – коммерциялық емес құрылым, 2023 жылғы 21 шілдеде Астана қаласында құрылған. Одаққа автоөндірушілер, автокомпоненттер өндірушілерінің, қоғамдық көліктердің, импорттаушылардың, дилерлердің, қолданылған автокөлік, автоэксперттер мен аудиторлардың (автомобиль жасау өнімінің сәйкестігін бағалау) қазақстандық қауымдастықтары бірікті
Біз туралы Шолулар және статистика Инфографика Жаңалықтар Байланыс
call +7 701 276 61 56 mailinfo@kao.kz
place Астана қ., Алматы к-сі, 7, Seven БО, 503 кеңсе

2026 © kao.kz — Қазақстанның Автокөлік Одағы. Барлық құқықтар қорғалған.
Youtube